Каталог
Новости библиотеки

⚜️Ақтөбе жыры – дүниежүзілік рекорд

⚜️Ақтөбе жыры – дүниежүзілік рекорд

🔹Ақтөбеде өткен «Жыраулар жолымен…» атты 24 сағаттық жыр кеші дүниежүзілік рекордтар кітабына енді.

🔸Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылған бұл бірегей жоба барысында жыршылар бір тәулік бойы үзіліссіз жыр толғап, қазақтың батырлық эпостары мен жыраулар мұрасын үздіксіз орындады. Ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды шара тарихи жетістікке айналып, әлемдік деңгейде тіркелді.

🔹Ауқымды мәдени бастама – қазақ жыршылық дәстүрінің өміршеңдігін дәлелдеп қана қоймай, оны жаһандық деңгейде танытқан маңызды оқиға болды. Ақтөбе төрінде өткен бұл рухани кеш ел мәдениетінің мәртебесін арттырып, ұлттық мұраның құндылығын тағы бір мәрте айшықтады.
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.