Каталог
Новости библиотеки

🌸Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрметтеп, оны отбасының ғана емес, тұтас ұлттың абыройы санаған. Қызды аялап...

🌸Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрметтеп, оны отбасының ғана емес, тұтас ұлттың абыройы санаған. Қызды аялап өсіру – халқымыздың сан ғасырлық тәрбиелік ұстанымынан туған асыл дәстүр. Аталған тақырып аясында “Дәстүрге жол” жобасының мүшесі, “Нұр ғасыр” мешітінің “ Әжелер” мектебінің мүшесі Шамшия Жакуқызымен @aizharykova.sh сұхбат өтті. Сұхбат барысында қыз балаға кішкентайынан әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік қасиеттері дарытылғандығы баяндалды. Сонымен қатар, қыз баланың намысы мен ары жоғары қойылғандығы туралы тарих беттерінен мысалдар келтірілді. Бүгінгі қоғамда, қызды тек тұрмысқа дайындау маңызды емес, білімді, өз ойын ашық айта алатын, саналы азамат етіп тәрбиелеу – уақыт талабы. Ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, қыз баланың қадірін арттыру - ең маңызды талаптардың бірі екендігі сөз болды. @aqtobe.madeniet @aizharykova.sh #дәстүргежолақтөбе #қыздыаялапөсіруұлттықдәстүр
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.