Каталог
Новости библиотеки

Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай арнаулы кітапханада «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты әдеби кеші өт...

Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай арнаулы кітапханада «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты әдеби кеші өтті. Мақсаты:оқырмандарға , оқушыларға ақынның өмір жолын, шығармаларын насихаттау, ұлттық рух пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Әдеби кешке кітапхана оқырмандарымен қатар, «Ақбөбек» Халықаралық мектебінің оқушылары қатысты. Кеш барысында жыраудың өмір жолы, шығармашылығы , айтыс сахнасындағы өз даусымен жазылған өлеңдері тыңдалды.
Ақынның «Шағым», «Өсиет», «Мұғалімдерге сәлем», «Сәлем бүкіл халықтан» өлеңдері оқылды. Жыр алыбының жырлары талданып, сахналық қойылым қойылды. Сонымен қатар, күмбірлеген күй шертіліп, тақырыпқа сай кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды. Қатысушылар түрлі викториналық сұрақтарға жауап берді.
Шара барысында кітап оқу мәдениетін қоғамда қалыптастыру мақсатында, биылғы таңдалған 100 кітаптың шығармаларына шолу жасалып авторлары насихатталды.
Әдеби кеште тағылымды дүниелер айтылып, қатысушыларға ерекше әсермен рухани шабыт сыйлады. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.