Арнаулы кітапханада 12 ақпанда адалдық пен әділдікті насихаттауға бағытталған “Біз жемқорлыққа қарсымыз!” атты дауыстап оқу ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқырмандардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, адал еңбек, жауапкершілік пен заңға құрмет құндылықтарын дәріптеу. Жемқорлыққа қарсы тұру – Қазақстан саясатындағы аса маңызды стратегиялық басымдықтың бірі. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайлары, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдардың негізгі ережелері мен мазмұны, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері туралы ой бөлісіп, әділетті қоғам құру әр азаматтың өзінен басталатыны түсіндірілді. @aqtobe.madeniet

