Каталог
Новости библиотеки

📜«Руханият» жобасы аясында арнаулы кітапханада қазақ әдебиетіндегі лирик, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың...

📜«Руханият» жобасы аясында  арнаулы кітапханада қазақ әдебиетіндегі лирик, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың...
📜«Руханият» жобасы аясында арнаулы кітапханада қазақ әдебиетіндегі лирик, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты поэзия кеші өтті.
Поэзия кешіне кітапхананың тұрақты оқырмандары мен Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледж оқытушылары мен студенттері, №73 М. Мақатаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Шара барысында қазақтың қара өлеңінің құдіретін барша адамзатқа ұқтыра білген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығынан «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.
📜Ақынның өмір жолы, өскен ортасы, шығармашылығы жайында бейнежазбалар көрсетіліп, өз даусымен жазылған өлеңдер тыңдалды. Шара барысында «100 кітап» ұлттық сауалнамасында таңдалған Мұқағали Мақатаевтың «Аманат» өлеңі туралы баяндалды.
Сөзден сұлу сарай тұрғызған ақынның поэзия кешіне қатысушылар «Ана, сен бақыттысың», «Ей, өмір», «Отан», «Қара өлең, «Шәмшіге хат», «Жоқ, дәрігер» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Біз білетін Мұқағали» айдарында оқырмандар ақын өміріне қатысты тың деректерден толық мәлімет алды. Жүрек қылын шерткен Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер: «Бақыт деген», «Саржайлау», «Сенің көзің», «Мен деп ойла», «Есіңе мені алғайсың», «Туған өлке» әндері жанды дауыста шырқады. Сырлы сезімге толы кеште талантты тұлғаның жан-жақты қырлары айтылып, әсем әндері жиналған көпшіліктің көңіліне әдемі әсер сыйлады.
Сезімді жасандылықсыз, жүректен шыққан жырмен жеткізетін ақын жырлары мәңгі жасай бермек! @aqtobe.madeniet @aktobeahgk @73zhbbom_ @fakt_taulik_aktobe #мұқағалимақатаев95жыл📝
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.