📚13 қаңтар күні кітапханада «Retro vibes» жобасы аясында «Ескі күндер іздері» әдеби-сазды кеші өтті.
Мақсаты: Ұлттың өткен тарихы мен рухани мұрасын , өткен күндердің естеліктерін еске алып, әдебиет пен ән өнерінің маңыздылығын көрсету.
70-80-90 жылдардағы жүректі қозғаған әуендерге саяхат жасап, оқырмандарға жақсы көңіл-күй сыйлау.
📚Кеш барысында оқырмандар сол уақыттағы сүйікті ретро әуендерді орындап, оқыған шығармалары: Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар» , С.Мұқанов «Ботакөз», Б.Майлин «Шұғаның белгісі», С.Торайғыров «Қамар сұлу, Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» романдарын еске алып, керемет көңіл күйге бөленді. Сондай -ақ, Ж.Нәжімеденовтің «Балалық шақ» өлеңі мәнерлеп оқылды. Ш.Қалдаяқовтың әндерінен попуррий орындалып, оқырмандар балалық шақтағы естеліктерімен ой бөлісті.
Ескі әндерде сол кездегі жастардың қуанышы, махаббаттың жылы сезімдері суреттелген. Кеш барысында түрлі сұрақтарға жауаптар алынды.
Кітапхана оқырмандары ән арқылы өткен шаққа бет бұрып, жақсы әсер алды. #100кітапжобасы📚 #ретровайб #ескіәндер @aqtobe.madeniet

