Каталог
Новости библиотеки

📙Арнаулы кітапханада «Әдеби такси» жобасы аясында әйгілі француз жазушысы Жюль Верннің классикалық туындысы...

📙Арнаулы кітапханада «Әдеби такси» жобасы аясында әйгілі француз жазушысы Жюль Верннің классикалық туындысы — «20000 лье под водой» романының жарық көргеніне 155 жыл толуына орай библиофреш ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқырмандарды әлемдік классиканың жауһарларымен таныстырып, ғылыми-фантастикалық әдебиетке қызығушылықты арттыру, көру қабілеті шектеулі азаматтарға қолжетімді форматта кітаптарды насихаттау.
📙Шара барысында романдағы басты кейіпкерлер — капитан Немо мен «Наутилус» сүңгуір кемесінің таңғажайып саяхаты, теңіз түбіндегі керемет әлем, автордың болашаққа көзқарасы мен ғылыми болжамдары жайлы әңгімеленді. Кітаптың аудио және Брайль нұсқалары ұсынылып, оқырмандар үзінділерді тыңдап, өз ойларымен бөлісті. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.