Каталог
Новости библиотеки

📙25 қараша -Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күніне орай, арнаулы кітапхана...

📙25 қараша -Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күніне орай, арнаулы кітапхана Ақтөбе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына арналған дағдарыс орталығы мамандарымен бірге, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» атты дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты:Қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы ақпарат тарату; құқықтық, психологиялық және тәрбиелік кітаптарды насихаттау; әйелдің рөлі мен қадір-қасиетін ұлықтау.
Шара барысында зорлық-зомбылықтың түрлері, оның себептері,алдын алудың негізгі шараларын және олардың қауіпсіз қоғам құрудағы маңыздылығы қарастырылды. Оқырмандар отбасыңдағы қарым-қатынас, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі төңірегінде өз ойларымен бөлісті. Зардап шеккен нәзік жандылар туралы статистикалық мәліметтер, бейнежазбалар көрсетіліп, баяндамалар оқылып талқыланды.
«Сен жалғыз емессің!» тақырыбанда кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды. Орталықтың мәдени шараларды ұйымдастырушы жетекшісі Жумагалиева Д.Ж зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдерге түрлі көмектің көрсетілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, отбасылық құндылықтарымызды , балалардың болашағына назар аударуды баяндады.
Халықаралық «көмек қажет» белгісі жөнінде бейнероликтер көрсетілді. Аталмыш шара адам құқығы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың еркіндігі мәселелеріне бағытталды. @aqtobe.madeniet @crisis_center_for_women
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.