Арнаулы кітапханада
Не удалось открыть видео. Попробуйте позже.
«Әдеби такси» жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ғабиден Мұстафинның «Шығанақ» шығармасының
80 жылдығына орай библиофреш өткізілді.
Шара барысында
«Шығанақ» повесінің жазылу тарихы, идеялық мазмұны, кейіпкер бейнесі және шығармадағы еңбек адамын ұлықтау секілді тақырыптар қамтылды. Библиофрешке арнайы Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Қ. Н. Ермахан шақырылып, оқырмандармен кездесу өткізді. Сондай-ақ, шығармадағы көркемдік ерекшеліктер мен Шығанақ Берсиевтің өмір деректері жайлы мазмұнды ақпарат берді.
Оқырмандар жазушы шығармасын талқылап, сұрақтар қойып, әдебиетке деген қызығушылықтарын көрсетті. @aqtobe.madeniet @museum_aktobe

