👤Кұрманбек Еркін Жолмырзаұлы 1944 жылы 13 қарашада Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылында дүниеге келді.
🌟Өзінің еңбек жолын 1965 жылы Ақтөбе облысының
Байғанин ауданында мектеп мұғалімі болып бастады.
1968-1977 жылдары Қазақстан комсомолы Орталық
Комитетінде, Ақтөбе облыстық, комсомол комитеті аппараттарында қызмет істеді. 1977-1991 жылдары
Ақтебе облыстық партия комитеті аппаратында
жұмыс жасады.
👤 Е. Жолмырзаұлы облыстык мәдениет
басқармасында басшылық қызметте болған жылдарда Наурызды өткізуді, халықтың, рухани байлығын, тарихи санасының өсуіне ықпал ететін елеулі қоғамдық, мәдени-көпшілік жұмыстарды кең
ауқымда, мақсатты бағытта ұйымдастыра білді.
Әйтеке би Бейбекұлы, КОБ
Ә. Молдағұлованың, Тама Есет Көкіұлының, Есет Көтібарұлының, Қайдауыл батырдың, Н.Байғаниннің,
Қ. Шанғытбаевтың, Ахмет Жұбановтың, А.Ружеваның,
Н.Тапалова, әнші Молдабайдың, Т.Ахтановтың, есімдерін ұлықтауға және кайта жанғырту
мақсатында тарихи тұлғалардың мерейтойларын
өткізуге арналған шаралардың ұйымдастырушысы.
🇰🇿 Тәуелсіз Қазақстанға сай мәдениет саласын
жаңаша ұйымдастырудың күрделі де киын кезеңдерінде
Е. Жолмырзаұлы табандылық көрсете білді.
Ұзақ жылдар ел игілігі үшін қызмет атқарған мәдениет майталманы арнаулы кітапханаға өз кітапханасынан тарихи кітаптарымен қолтаңбасымен жазылған Р. Бағланова туралы естеліктерін, түрлі марапаттарын тарту етті. Аталған еңбектерінен “ Таным мен талғам иесі” атты кітап көрмесі жасақталып оқырмандар назарына ұсынылды. @aqtobe.madeniet

