🇰🇿Арнаулы кітапхана қалалық №13 орта мектеп кадет класында 25 қазан- Республика күніне арналған «Тәуелсіз елі...
🇰🇿Бұл күн Қазақстан Республикасының егемендік негіздерін қалап, мемлекеттік тәуелсіздікке бастар жолдың алғашқы ресми қадамы болды. Оқушылар Отан, туған жер, еркіндік, егемендік сынды құндылықтардың мағынасын ашып, патриоттық сезімдерді оятып, тарих тағылымына толы сұрақтарға жауап берді.
Патриоттық акцияда мектеп оқушыларына тақырыпқа сай кітап көрмесі таныстырылып, саяси өзгерістер, еліміздің Тәуелсіздік жолындағы жетістіктері, даму жолы туралы бейнероликтер көрсетілді. Болашаққа біліммен жол тартып бара жатқан оқушылар ел ертеңі үшін жасалып жатқан игі істерге өз пікірлерін білдірді. Ата- баба арман еткен ұлық мереке құтты болсын!✨ @aqtobe.madeniet @akt_13_13

