Каталог
Новости библиотеки

📚“Әдеби такси” жобасы аясында кітапханада шетел әдебиетінің көрнекті өкілі, Томас Майн Рид “Всадник без голо...

📚“Әдеби такси” жобасы аясында кітапханада шетел әдебиетінің көрнекті өкілі, Томас Майн Рид “Всадник без головы” шығармасына 165 жыл толуына орай библиофреш өтті.
Мақсаты: оқырмандардың бос уақытын тиімді өткізу және шетел жазушыларының шығармаларын насихаттау.
Шытырман оқиғаға толы роман желісі махаббат, ерлік, әділет, жұмбаққа толы жағдаяттардың шешімін іздеумен басталады. Оқиға Техаста өтеді. Басты кейіпкер — Марис Мориско әділет жолында күресетін адам. Ең таңқалдырған кейіпкер — басы жоқ салт атты бейне. Бұл кейіпкер кім? Аңыз ба, әлде кек алушы ма? Шығармада махаббат, сатқындық пен шынайы достық қатар өрбиді. Сонымен қатар, шығармада Батыс Американың табиғаты мен мәдениеті бейнеленген.
Оқырмандар мистикалық әрі шынайы оқиғаға негізделген шытырманға толы шығарманы жақсы көңіл күйде талдап, тарқасты. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.