20 тамыз күні арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында сазгер, «қазақ вал...
Не удалось открыть видео. Попробуйте позже.
Мақсаты: Қазақ эстрада өнерінің негізін қалаушы Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың музыкалық-эстетикалық талғамын дамыту.
Кеш барысында Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, кітап көрмесі таныстырылды. Оқырмандар сазгердің кең тараған «Менің Қазақстаным», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Ана туралы жыр» әндерін орындады. Сонымен қатар әуендер жасырылып, көрермендер жалғасын тауып, белсенділік танытты. Әдеби кеш қатысушылардың көңілінен шығып, жақсы көңіл-күй сыйлады.
Қазақ халқының өнер әлемінде өшпес із қалдырған сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өнегесі ешқашан ұмытылмайды! @aqtobe.madeniet

