Каталог
Новости библиотеки

⚜️ 10 тамыз күні сағат 10:00-де Абай даңғылында ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейт...

⚜️ 10 тамыз күні сағат 10:00-де Абай даңғылында ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейт...
⚜️ 10 тамыз күні сағат 10:00-де Абай даңғылында ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай күні» атты әдеби фестиваль өтеді.

🔸Фестиваль аясында сағат 10:00-де Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен шара шымылдығы түріледі.

🔹 Әдеби фестиваль төрт тақырыптық алаң бойынша ұйымдастырылады. Бұл алаңдарда келушілер Абайдың рухани әлеміне еніп, оның шығармаларымен тереңірек таныса алады. Ақынның өлеңдері мен қара сөздері оқылып, Абай дәуірінің мәдениеті мен дүниетанымы көрініс табады. Әр алаңда ұлттық нақыштағы киіз үй үлгісінде этно-кеңістік құрылып, қазақы тұрмыстың элементтерімен безендіріледі.

🔸 Фестиваль қатысушылары бір-біріне Абай шығармалары мен қазақ әдебиетінің таңдаулы туындыларын естелік ретінде сыйға тартады.

📚«Абай күні» әдеби фестивалі – өткен мен бүгінді жалғайтын, руханият пен заманауилықты үйлестірген, ұлттық болмысты ұлықтайтын, жастардың ой-өрісін кеңейтіп, әдебиетке деген ықыласын арттыратын ауқымды мәдени алаң.

⚜️Бұл – Абайды қайта оқу ғана емес, Абаймен бірге қайта ояну. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.