Каталог
Новости библиотеки

📚24 шілде Абай даңғылындағы гүлзарда арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен

📚24 шілде Абай даңғылындағы гүлзарда арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен
«Әдеби такси» жобасы аясында қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ақын, философ, сазгер, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абайдың қара сөздері» дауыстап оқу шарасы өтті.
Мақсаты: көркем шығармаларды насихаттау, аудио кітаптарды оқуға қолжетімділікті кеңейту, көру қабілеті бұзылған адамдардың оқу мәдениеті мен қызығушылығын арттыру.
Абайдың қара сөздері - тәрбиенің қайнар көзі, адамзатқа рухани азық, ерекше тәлім беріп, адамгершілікке үндейді.
Ұлы ақынның қара сөздерінің барлығы да сол замандағы әлеуметтік күрделі мәселелерді сөз еткенімен, бүгінгі таңда да қара сөздеріндегі ғибратты ойлары, ақыл-кеңестері әлі де маңыздылығын жойған жоқ. Керісінше, Абайдан алар өсиетті кеңестер нағыз осы дәуірге лайықталып жазылғанға ұқсайды. Шара барысында ақынның шығармашылығы туралы библографиялық шолу жасалып, ақыл мен насихат туралы ой пайымы зерделенген қара сөздері талданды. Аталмыш шараға “ Aqtobe”, “Рика тв” телеарнасының тілшілері қатысты.
Оқырмандар: Мускалиева Алмаш, Жанасилов Әлібек, Төлтаев Дидар, Есркегенов Жанабіл, Касенова Алтынай, Тулегенов Мақсат, Умбетияров Кенжебай, Каламгазин Киилбай еңбек, ғылым, адамгершілік, ұнамсыз мінез-құлық, әдептілік мәселелерді сөз еткен қара сөздерін мәнерлеп оқыды. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.