📚«Көп оқыған қария» жобасы аясында арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасө...
📚Әуенді кешке ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, жыраулардың жырын жалғап келе жатқан жыршы Әділбек Сарин және шәкірттері, кітапхана оқырмандары, кітапхана қызметкерлері сондай-ақ, №6655 әскери бөлімінің жас сарбаздары қатысты. Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып оқырмандарға таныстырылып, домбыра аспабының жасалу жолы туралы бейне жазбалар көрсетілді.
📚Шара барысында бала жастан жыр дастандарды жатқа оқып, таңды –таңға жырмен жалғаған Әділбек Мұхидуллаұлы өңірдегі жыршылық, жыраулық дәстүр турасында толық тоқталып баяндап берді. Қазіргі қоғамға жыршылық өнер керек пе? Жырға сұраныс қаншалықты? Деген көпшілік көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Қадірлі мейман өскен ортасы, өнер өлкесіндегі алғашқы қадамдары туралы айтып, төл өнердің қиындығы мен қызығына тоқталды. Ауыздан-ауызға тарап, жатқа айтылған жыраулық –жыршылық дәстүр бүгінде, өркендеп, өсіп, жеткілікті дәрежеде насихатталып келеді. 2021 жылы өңірде «Ер Едіге» жыр мектебі ашылды. Бұл домбыра шертетін жас буынға зор мүмкіндік сыйлады. Жырдан сарай соғылып, дәстүрлі өнерге бет бұрған шәкірттердің саны артты.
«Ер Едіге» мектебінің оқушылары Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар, Қазтуған жыраулардың толғаулары, Әбубәкір Кердері, Тәңірберлі Молдабай шығармаларын орындады. Сонымен бірге, «Қазақ осы», «Ақтөбем» әндері шырқалды.
Жыр тыңдау арқылы жиналған жұртшылық атадан балаға мирас болып қалған сөз маржандарына қанығып, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдерімен танысып, оның қадір-қасиеті, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енді. Жыр- халықтың әдебиет тарихы, ел тарихы, мәдениеті, ұлттық болмысы. Халқымыздың осы зергерлік сөз тұнығы жыр өнері мәңгілік жасай бермек!

