24 маусым күні арнаулы кітапханада “Нашақорлық – ғасыр дерті” тақырыбында нашақорлыққа қарсы акция ұйымдасты...
Іс-шараның негізгі мақсаты: оқырмандарға салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттердің алдын алу, есірткіге тәуелділікке қарсы көзқарасты қалыптастыру.
Шара барысында “Есірткі – өмірге қауіп” атты бейнеролик көрсетіліп, оқырмандар оның мазмұнына қатысты пікір алмасты. Сонымен қатар, “Салауатты өмір – жарқын болашақ” атты ақпараттық парақшалар таратылды.
Оқырмандарға ситуациялық сұрақтар қойылып, нашақорлыққа тап болған адамның жағдайы мен қоғамдағы жауапкершілігі туралы пікірлер тыңдалды. @aqtobe.madeniet

