📚 “Кітап фестивалі-2025”
Кітап фестивалі аясында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау
күніне арналған “ Балауса бағым шаттық пен қуаныш ордасы” шарасы өтті. ҚР Жазушылар, журналистер одағының мүшесі, ақын, журналист, әуесқой сазгер Гүлсамал Аймаханованың құттықтау сөз сөйлеп, балаларға жүрекжарды тілегін білдірді.
Аталмыш шараға кітапхананың тұрақты жас оқырмандары мен ата - аналары және қалалық No2, No13 мектеп оқушылары қатысты.
Ашық алаңда “Білгірлер бәйгесі” интеллектуалды ойындар жүргізілді. “ Әлқисса”, “ Сарыарқа” күйлері орындалып, “ Бақытты балалық шақ” , “ Біз өмірдің гүліміз” әндері шырқалды.
Жұмбақтар жасырылып, танымдық ойындар ойнатылды. Бүлдіршіндер ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды.
“Бояулар сыры” алаңында сурет салу, түрлі шарлардан гүл жасау сияқты іс шаралар балалардың қызығушылығын арттырып, мерекелік көңіл күймен белсене қатысты. Мерекелік кеште балғын балаларға “Айс” ЖШС демеушілігімен йогурт өнімін таратты. Өнерпаз балаларға алғыс хат және сыйлықтар табысталды.
Адам өміріндегі ең үлкен бақыт-ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу болса, бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Ел болашағы- білімді ұрпақтың қолында. Кітапқұмар жас буын көбейсін. Мереке құтты болсын! @aqtobe.madeniet @gulsamal_at @icecompany_kz

