Каталог
Новости библиотеки

⚜️“Руханият” жобасы аясында арнаулы кітапханада «Текті сөздің төресі- терме” атты жыр сағаты өтті. Мақсаты:хал...

⚜️“Руханият” жобасы аясында арнаулы кітапханада «Текті сөздің төресі- терме” атты жыр сағаты өтті. Мақсаты:хал...
⚜️“Руханият” жобасы аясында арнаулы кітапханада «Текті сөздің төресі- терме” атты жыр сағаты өтті. Мақсаты:халқымыздың ғасырлар бойына келе жатқан қазақы тәрбиесімен ұлттық болмысты, салт- дәстүрді, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру, ата-бабамыздан қалған асыл мұра — жыр-терме өнерін дәріптеу. ⚜️Аталған жыр сағатына жастарға қазақ халқының тектілік, инабаттылық, отансүйгіштік қасиеттерін жыр жолдары арқылы жеткізіп жүрген мәдениет саласының үздігі Әділбек Саринның “ Ер Едіге” жыр мектебінің оқушылары қатысты. Жыр мектебінің оқушылары дәстүрлі өнерді, домбыра мен термешілік мектепті насихаттау жолындағы қиыншылықтар, қызықтар туралы әңгімелеп берді. А. Мұрат Т. Ізтілеуовтың “Ел үшін туған ер болсаң”, А. Бижігіт “ Жыр өсіп қайта көктейді”, Ы. Сарсенбай “Ухуд соғысынан” термелерін орындады. Жыр сағаты аясында көрермендер назарына қазақтың біртуар жыраулары мен ақындар Майлықожа, Сүйінбай, Базар,жырау, Шал ақынның өсиетке толы термелері ұсынылды. Сондай- ақ, “Молдабайдың әні” , “ Ақтөбем” өлеңдері шырқалды. Қазақтың ұлттық ән өнері туралы бейнеролик көрсетіліп,оқырмандар ұлттық құндылықтар туралы пікір алмасты. “ Тектілік сөзі- терме” атты кітап көрмесі жасақталып библиографиялық шолу жасалды.
⚜️Жыр сағаты жәй ғана ән-жырдың жиыны емес, жастардың санасына қозғау салып, ұлттық кодты жаңғыртқан тағылымы мол кездесу болды. @aqtobe.madeniet @adilbek.sarin @er_edige_mekteby @aqtobe_ocnt
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.