ҚҰТТЫКТАЙМЫЗ!✨
21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өңір басшысы Асхат Берлешұлының қатысуымен алқа жиыны өтті.
Облыс әкімі мәдениет пен өнер иелерін кәсіби мерекесімен құттықтап, алдағы атқарылар еңбектеріне зор табыс тіледі.
Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының қызметкерлері: Тулегенов Максат Амантаевич облыс әкімі Асхат Шахаровтың алғыс хатымен қаржылай сый, Қонысбай Құндыз Нұрланқызы облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырханның алғыс хатымен қаржылай сыймен марапатталды.
Бұл марапат - мәдениет саласында келе жатқан қос қызметкердің адал еңбектерінің, шығармашылық қабілеттерінің, үздіксіз ізденістерінің лайықты бағасы.
Құрметті әріптестерімізді
шын журектен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз!💐💐 @aqtobe.madeniet

