Каталог
Новости библиотеки

📚№5 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына арнаулы кітапхана арт-терапия жобасы аясынд...

📚№5 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына арнаулы кітапхана арт-терапия жобасы аясынд...
📚№5 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына арнаулы кітапхана арт-терапия жобасы аясында «Ертегілер елінде» атты танымдық сағат өткізді. Шараның басты мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ертегілер арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру және жағымды эмоциялар сыйлау.
Іс-шара барысында оқушылар әр түрлі ертегі кейіпкерлерінің бейнесі арқылы ертегінің атауын табуға тырысты. Бұл Шара балалардың қиялын шарықтатып ойлау қабілеттерін дамытты. Сонымен қатар, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ыбырай Алтынсариннің тәрбиелік мәні зор ертегілерінің бірін тамашалап, оның мазмұнын талдап, кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы дұрыс пен бұрысты ажыратуға тырысты.

Танымдық сағат көңілді әрі әсерлі өтті. Балалар өз ойларын ашық білдіріп, ертегі әлеміне саяхат жасады. Аталған шара оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. @aqtobe.madeniet @5_orta_mektep
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.