📚19 мамыр арнаулы кітапхана № 5 жалпы білім беретін орта мектепте даңқты қолбасшы, қазақ халқының даңқын шыға...
Мақсаты: аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірінен мағлұмат бере отырып, тұлғаның өмірі мен қызметі хақында жадымызда сақтап, бүгінгі ұрпақтың үлгі-өнегесіне айналдыру, Отан үшін отқа түсетін, егемен еліміздің ертеңі болатын ұрпаққа батыр ата ерлігінен үлгі алып, Отанын, туған жерін сүюге, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
📚Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы –тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат.
Бауыржан Момышұлы мұрасы – ұлт рухының ұлы оқулығы. Қаламгердің шығармаларын оқи отырып өскен әрбір ұрпақтың ұлтына неғұрлым жақындай түседі, еліне деген сүйіспеншілігі артады. Бауыржандай тұлғаның жалпақ елге танылуы, осындай мәртебеге ие болуы да адал еңбегінің арқасы.
Кеш барысында қазақ халқының даңқты перзенті Бауыржан Момышұлының аса күрделі өмір жолы, дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, терең мағыналы ойлары, соғыс тақырыбына жазылған сол жылдардың ауырпалықтары, 1941- 1945 жылдардағы өзінің көзімен көрген, қолымен ұстаған іс – әрекеттері автордың көзқарасымен шынайы берілген шығармалары туралы баяндалып, кітап көрмесіне шолу библиографиялық шолу жасалды. Бауыржан батырға өлең жазған ақындар: Мұқағали Мақатаев, Қасым Аманжолов, Ғафу Қайырбеков, Қалижан Бекхожин, Маралтай Раймбекұлының өлеңдері мәнерлеп оқылды. @aqtobe.madeniet @5_orta_mektep

