Каталог
Новости библиотеки

Арнаулы кітапхана қазақ халқының көрнекті ақыны, суырыпсалма жырау Нұрпейіс Байғаниннің 165 жылдығына арналға...

Арнаулы кітапхана қазақ халқының көрнекті ақыны, суырыпсалма жырау Нұрпейіс Байғаниннің 165 жылдығына арналған «Нұрпейіс атты дауыл - жыр» атты библиографиялық көрсеткіш жалпақ және нүктелі- бедерлі қаріппен басып шығарды.
Нұрпейіс Байғанин — қазақтың халық ақыны, импровизатор жырау. Ол өзінің терең мазмұнды толғауларымен, эпикалық дастандарды орындауымен және кеңестік дәуірдегі қоғамдық-идеялық тақырыптарға арналған өлең-жырларымен танымал. Ақынның шығармалары ел ішіндегі тарихи оқиғалар, әділет пен күрес, туған жерге деген сүйіспеншілік секілді тақырыптарды қамтыған. Жастайынан халық ауыз әдебиетіне ден қойып, батырлар жыры мен тарихи дастандарды жатқа айтып өскен. Кеңес дәуірі тұсында ел ішіндегі қоғамдық өзгерістерді жырлау арқылы көркем публицистика жанрында да із қалдырды. Ол тек ақын ғана емес, сонымен қатар замана шежірешісі ретінде де танылды. Оның шығармаларында Отанға деген сүйіспеншілік, әділеттілік, батырлық және адамгершілік идеялары терең бейнеленген.
Библиографиялық көрсеткіш ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған. Көрсеткіште ақынның өмірбаяны, әдеби мұрасы, айтыс өнеріндегі орны, жыраулық дәстүрді жалғастырудағы рөлі мен шығармашылық жолы қамтылған. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.