📚“Зеңбірек” ескерткіштер белгісінің алаңында “Ашық аспан астындағы кітапхана” ұйымдастырылды. Арнаулы кітапхана қызметкерлері аталмыш шарада “Ерекше кітаптар әлемі” тақырыбында тактилді кітап көрмесін оқырмандарға таныстырып, тактильді кітаптардың ерекшелігі, маңыздылығы туралы ақпарат берді. Ашық аспан астында балалар “Әдеби кейіпкерді тап”, логикалық сұрақтардан құралған библиоквиз, ойындарына белсене атсалысты. Сонымен қатар, оқырмандармен ашық сұхбат өтті. 📚Алаңға жиналған қала тұрғындары көтеріңкі көңіл -күймен шарада белсенділік танытты. @aqtobe.madeniet

