📚 @5_orta_mektep кітапханамен бірлесе, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс-ұрпаққа аманат» дауыстап...
Мақсаты: Өскелең ұрпаққа жеңіс, ерлік, батырлық, батылдық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру.
📚✨Шара барысында отты жылдар жаңғырығында Отан үшін от кешкен қаһарман батырлар туралы бейне жазбалар көрсетілді. Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып оқырмандарға таныстырылып, халық күйі «Тепең көк», Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйі орындалды.
«Мың тағзым саған, майдангер!» майдангер бабалардың ерлік істері жайында слайд көрсетіліп, толық ақпарат берілді. Оқушылар ержүрек батырлар жайында сұрақтарға жауап беріп, Ұлы Жеңіске арналған жыр шумақтарын мәнерлеп оқыды. 📚✨Тарихи тағылымды шарада «Жеңіс күні», «Байтақ елім», «Қазақстан» әндері шырқалды. Сондай-ақ, оқушыларға өлкемізден шыққан батыр тұлғалардың ерлік істері ұрпаққа үлгі етіліп, олардың қаһармандық рухы дәріптелді. Батырлар есімі-жүрегімізде, ерлігі жадымызда!

