📚7 мамыр- Отан қорғаушылар мерекесіне орай арнаулы кітапхана қызметкерлері зағиптар мәдениет үйінде “Менің Отаным — менің мақтанышым” атты патриоттық сағатын өткізді. Мақсаты: оқырмандарға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру. Өз отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету. Патриоттық сағат барысында викториналық сұрақтар қойылып, тақырыпқа сәйкес көрме жасақталды. Ақын-жазушылардың өлеңдері мәнерлеп оқылды. Оқырмандар белсенділік танытып, жоғары деңгейде ат салысты. @aqtobe.madeniet

