29 сәуір күні арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен №5 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары үшін «Таби...
Мақсаты: табиғатқа, тірі әлемге мейірімді, ұқыпты, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Оқушыларды қоршаған ортаның ластануы, адамның табиғатқа зиянды әсері туралы материалдармен таныстыру, экологияның не екенін түсіндіру.
Балалар қазіргі заманғы адамға күн сайын көптеген химиялық, физикалық, биологиялық және басқа қоршаған орта факторларының әсер ететінін білді. Шараға оқушылар белсене қатысып, бейнероликті көріп, талқылады, сонымен қатар экологиялық викторинаға қатысып, экологиялық тақырып бойынша қызықты тапсырмалар орындады. @aqtobe.madeniet @5_orta_mektep

