📚25 сәуір күні арнаулы кітапханада «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты ақпараттық сағат өтті.
Мақсаты: зағип оқырмандар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу және бейбіт мейірімді қоғам құруға үндеу.
Шараға кітапхана оқырмандары мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Шара барысында оқырмандар зорлық-зомбылықтың түрлерін танып біліп, оған тап болған жағдайда не істеу керек екенін, ситуациялық сұрақтарға жауап беру арқылы анықтады. Аталған тақырыпқа қатысты өз ойларын ортаға салды.
Шара соңында оқырмандар бейбіт өмірдің, мейірімділік пен құрметке толы қарым-қатынастың маңыздылығын айтып, “Зорлық-зомбылыққа – жол ЖОҚ!” деген үндеуге қолдау білдірді. @aqtobe.madeniet

