«Дін тәрбиенің рухани діңгегі»📿
Не удалось открыть видео. Попробуйте позже.
«Дін тәрбиенің рухани діңгегі» атты танымдық сағат өтті. Шараның басты мақсаты: терроризмге және экстремизмге қарсы күрес, қауіпсіздіктің алдын алу.
Аталмыш шараға «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Саматов Сапар Саматұлы қатысты. Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып оқырмандарға таныстырылды. Қатысушылар діни наным-сенімдер, жат ағымдар туралы мәлімет алып, маманмен еркін пікір алмасты.
Дәстүрлі діни көзқарас пен жат ағымдарды ажырату жолдары туралы толық түсінік берілді. @aqtobe.madeniet @ansar_aqparat

