Каталог
Новости библиотеки

📚Шығанақ Берсиевтің туғанына 145 жыл толуына орай “ Аяла” әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Ақ тарының а...

📚Шығанақ Берсиевтің туғанына 145 жыл толуына орай “ Аяла” әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Ақ тарының атасы» атты танымдық сағат өтті.

Танымдық сағаттың мақсаты: қазақтың әйгілі диқаншысы, тары өсірудің шебері Шығанақ Берсиевтің өмір жолы мен еңбек жетістіктерін кеңінен насихаттау.

Шығанақ Берсиев 1881 жылы қазіргі Ақтөбе облысы, Ойыл өңірінде дүниеге келген. Ол табиғаты қуаң, шөлейтті аймақта тары өсірудің өзіндік тиімді тәсілдерін меңгеріп, мол өнім алудың озық үлгісін көрсеткен тұлға.
Шара барысында Шығанақ Берсиевтің еңбек жолы, тары өсірудегі тәжірибесі, егіншілік мәдениетін дамытуға қосқан үлесі туралы кеңінен айтылды. Оның тарыдан алған өнім көрсеткіштері баяндалды.
Тарихта қалған Шығанақ Берсиевтің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы еңбегі де сөз болды. Оның жеке құжаттары, фотосуреттері, күнделігінен үзінділер және майданнан келген хаттар сақталғаны туралы мәліметтер келтірілді.
Қатысушыларға Шығанақ Берсиев туралы кітаптар мен тарихи-танымдық материалдар ұсынылып, оның өнегелі өмірі мен еңбек жолына байланысты әңгіме баяндалып,диқанның өмірі мен еңбегі туралы Ғ. Мұстафиннің «Шығанақ» романы кеңінен насихатталды. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.