Каталог
Новости библиотеки

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлының туғанына 100 жыл. 🎶🎶. 📚«Сөз сыры» жобасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген...

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлының туғанына 100 жыл. 🎶🎶. 📚«Сөз сыры» жобасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық қаһарманы Нұрғиса Атабайұлының туғанына 100 жыл толуына орай «Күй құдіретін сезінген Нұрғиса» танымдық әуенді сағаты өтті.
📚Композитордың өмірінен,шығармашылығынан бейнебаян көрсетілді. Нұрғиса Атабайұлының өмір жолы, өскен ортасы, ата-анасы, майданға аттануы, сарбаздық жолы, шығармашылығы туралы толық ақпарат берілді. Композитордың әдебиет әлеміндегі ақындармен байланысы сөз болды. «Қазақ сазының сайып қыраны» тақырыбында деректі фильм көрсетілді.
Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің оқытушысы Айнұр Ерболатқызының жетекшілігімен өнерлі студенттерден құралған «Тұран» ансамблі «Жекпе -жек», «Аңсау», «Әлқисса», « Ер Тұран» күйлерін тарту етті. «Тұран» ансамблі мен Алтынбекұлы Санжар «Келеді құстар қайтып» әнін шырқады. Сонымен қатар, «Куә бол», “ Саржайлау”, “ Қайран менің жүрегім” әндерін шырқады. Тілеміс Мадияр «Алтынай», «Ана туралы жыр», « Әке» әндерін арнап, оқырмандардың жүрегіне ән арқылы жол салды. @aqtobe.madeniet @aktobeahgk
Суретті қарау
100%

Суретті + және − батырмаларымен үлкейтіңіз. Оны тінтуірмен немесе саусақпен жылжытыңыз; телефонда екі саусақпен масштабын өзгертуге болады.