Каталог
Новости библиотеки

📚Бүгін 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні! Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан баста...

📚Бүгін 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні! Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай атап өтіледі. Көптеген елдерде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар, көрмелер, конференциялар мен фестивальдар өткізіледі.
⚜️Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен Ә.Марғұлан атындағы №71 орта мектептің кітапханасында 2 сәуір – халықаралық балалар кітабы күніне орай оқушылардың кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында «Ғажайып кітаптар әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық ойын болып өтті.
Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, оқырмандарға кітап оқуды насихаттау.
🔸Іс-шара барысында кітап көрмесіне шолу жасалып, кітап туралы өлеңдер оқылды. Сонымен қатар, интеллектуалдық ойындар ойнатылып, «Шалқан» ертегісінің желісімен көрініс қойылды.
🔸Кітап қадірін білетін, кітап құмар балалар қатары көбейе берсін! @aqtobe.madeniet @71_mektep
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.