Каталог
Новости библиотеки

📚«Сөз сыры» жобасы аясында кітапханада автормен бірге кітап оқу шарасында ақын, драматург, Қазақстан Жазушыла...

📚«Сөз сыры» жобасы аясында кітапханада автормен бірге кітап оқу шарасында ақын, драматург, Қазақстан Жазушыла...
📚«Сөз сыры» жобасы аясында кітапханада автормен бірге кітап оқу шарасында ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар Одағының, Журналисттер Одағының мүшесі, Өнер зерттеушісі, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Тұңғыш Елбасы атындағы қорғаныс университетінің құрметті профессоры, Ойыл ауданының Құрметті азаматы, кітапхана ардагері Қалауов Нұрлыбек Амандәулетұлының «Тереңдегі толқындар» кітабының таныстырылымы өтті.
📚Аталған шараға кітапхана оқырмандарымен әдебиетке жаны құштар жастар қатысты.
Ақын шығармашылығынан «Сөз-Құдірет, Жыр-Тәңір...» кітап көрмесі жасақталып оқырмандарға таныстырылды. Ақын өз даусымен «Үш пайыз», «Енші», «Ақын әйел» өлеңдерін оқыды.
Кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері ақындық жолдың қиындығы мен қызығы туралы сұрақтарына жауап алды. Нұрлыбек Амандәулетұлы қазақ салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін жіті зерттеген зерттеуші ретінде әдебиетке «Таразы жүрек», «Жарық еткен жасын ғұмыр», «Ғасырдан асып жеткен ән» секілді еңбектері туралы толық мәлімет берілді. Абай Құнанбайұлы «Құдай-ау қайда сол жылдар» сөз жазса, ақын Қалауов әнін жазып, Мұқан Сатыбаевтың орындауында оқырмандар жүрегіне жол тапты.
📚Кітапхана оқырмандары және қызметкерлер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Кеш барысында қазіргі айтыс өнерінің жай-күйі, нағыз ақындық болмыс, адамгершілік түсінік сынды философиялық мәселелер сөз болды. Кеш соңында кітапхана директоры Құралай Раймбаева қорытынды сөз алып, ақынға ақ тілегін арнап естелік сыйлық табыс етті. #авторменбіргекітапоқу
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.