Каталог
Новости библиотеки

📖 «Тағдыр» романы

📖 «Тағдыр» романы
Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы – қазақ халқының тарихындағы күрделі кезеңді, Шығыс Түркістандағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі мен тарихи тағдырын суреттейтін шығарма. Шығарманың басты кейіпкері – Демежан. Оның өмір жолы арқылы жазушы шекара бөлінісі, ел мен жер тағдыры, халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи өзгерістер сияқты маңызды мәселелерді бейнелейді. Романда Тарбағатайдың күнгейі мен теріскейінің бөлінуі, қазақ жерінің екі империя арасындағы шекара сыртында қалуы халық өміріне тигізген әсері арқылы көрсетіледі. «Тағдыр» – жеке адамның ғана емес, тұтас халықтың тағдырын арқау еткен тарихи роман. Шығарма оқырманды өткен тарихқа үңіліп, ел мен жердің, ұлттық бірлік пен туған жердің қадірін бағалауға үндейді. 
«Тағдыр» – тарихтың үні, халықтың мұңы, елдік рухтың көрінісі.
Өткенді таныған ұрпақ – бүгінін бағалап, болашағын бағдарлай алады.@aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.