Каталог
Новости библиотеки

14 наурыз - Амал мерекесі және 22 наурыз -Ұлыстың Ұлы күніне орай, наурызнама онкүндігі аясында «Наурыз тойы...

14 наурыз - Амал мерекесі және  22 наурыз -Ұлыстың Ұлы күніне орай, наурызнама онкүндігі аясында «Наурыз тойы...
14 наурыз - Амал мерекесі және 22 наурыз -Ұлыстың Ұлы күніне орай, наурызнама онкүндігі аясында «Наурыз тойы мереке,
Салт-дәстүрі береке» мерекелік кеші өтті. Мазмұнды кешке кітапхананың зейнеткерлері, тұрақты оқырмандар қатысты. Кеш “Жарапазан” әнімен ашылды.
⚜Шара барысында зағип оқырмандарға ұлттық дәстүр бойынша наурыз мерекесінің ерекшелігі, табиғат пен адамның байланысы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы насихатталды.
⚜Мерекелік кеште оқырмандарға «Сырғалым» мейрамханасы ақ дастарханын жайып ұлттық тағамдардардан дәм татқызды. «Айс-Плюс»ЖШС зағип оқырмандарға сүт өнімдерін үлестірді.
⚜Шара барысында Ақтөбе қалалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің әншілері, “ Жылқышы”, “Ақ бұлақ”, “Мен қазақтың қызымын”, “ Ойна да күл”,
”Байтақ елім” әндерін шырқап, қалалық зағиптар мәдениет үйінің өнерпаздары “ Жақсы адамдар азаймасын” деп ән арнады. “ Дәстүрге жол” жобасының ақ жаулықты аналары ұршық иіру әдісімен бөлісті. Абыз ақсақалдар бата түрлеріне тоқталып, ақ тілектерін айтты. Қазақтың салт- дәстүрлеріне толық тоқтау жасалып, сұрақ -жауаптар алынды. Оқырмандар төл өнер термеден “ Халық термесі”, “ Сүйген жар” тыңдалып құлақ құрышын қандырды.Мерекелік кеште қазақтың “Тұсау кесу” рәсімі жасалды. Кеш соңында белсене атсалысқан кітапхана оқырмандарына алғыс хаттар және сыйлықтар табысталды.
@aicecompany_kz
@syrgalym_restaurant
#aqtobealtynbesigim @ddiut_bolashak
#ақтөбенаурызнама
#наурызмейрамы
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.