✨Арнаулы кітапханада 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады» атты...
✨Әдеби-сазды кешке кітапхананың тұрақты оқырмандары мен Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледж студенттері, “Қыз Жібек” студиясы орталығының әншілері қатысты. Шара барысында тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға таныстырылды. Кеш барысында қоғамда түрлі салада қызметте жүрген әйелдер, көп балалы аналар өз өмір жолдары мен қызметінің қызықты тұсымен бөлісті. Ана тақырыбында М. Мақатаевтың “Шеше, сен бақыттысың”, Т. Айбергеновтың “Ана” өлеңдері мәнерлеп оқылды, Ш. Қалдаяқовтың “Қара көздер” және “Әйел бақыты”,
“ Ана туралы жыр”, “Ару ана” әндері орындалды.
Оқырмандар өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл- күйде тарқасты. Мерекелік кешке демеушілік еткен кәсіпкерлерге алғыс білдіреміз! @aqtobe.madeniet
@nazy_flowers
@gudi.boxelite.
@aylesia_lux
@Kyz.uzaty_kyz_zhibek
@nurlan_yesalin25.02

