📚7 ақпан Ә. Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектептің кітапханасында арнаулы кітапхана қызметк...
Не удалось открыть видео. Попробуйте позже.
Мақсаты: Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің өмірі мен шығармашылығы, ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беру, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету, үлгі ету,оқушыларға М.Мағауин шығармашылығын таныту.
📚Шара барысында жазушының өмір жолы шығармашылығы туралы баяндалып, кітап көрмесіне библографиялық шолу жасалды. «Мағауин миссиясы» атты бейнеролик оқушылардың назарына ұсынылды.
Мұхтар Мағауин қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар, айрықша аталатын хас шебер жазушыларымыздың бірі.
Тәрбиелік маңызы зор соғыс қасіретін көрген басқа ұлт өкілдерінің балалары қазақ отбасыңда тәрбиеленіп, бір атаның балаларындай өсіп-өнуі туралы түйіндеген «Бір атаның балалары» атты шығармасымен жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптеген «Шақан шері» романы талданып, сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті. @aqtobe.madeniet @71_mektep

