Каталог
Новости библиотеки

📔14 қаңтар күні Ә.Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектеп кітапханасында аса көрнекті жазуш...

📔14 қаңтар күні Ә.Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектеп кітапханасында аса көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Халқының тарихи санасын оятқан жазушы» атты дауыстап оқу өткізілді. 📔Мақсаты: І.Есенберлиннің шығармашылық мұрасын дәріптеуге және ұлттық тарихқа деген құрметті нығайтуға бағытталып, еліміздің болашағы жастардың жан-жақты дамуы үшін тарихи шығармаларды, арқылы Отанын, туған жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.
Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетіндегі тарихи жанрдың негізін қалаушылардың бірі. Оның «Көшпенділер» трилогиясы әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, қазақ халқының өткені мен рухани байлығын кеңінен танытты.
Шара барысында оқушыларға жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы толық ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді. Аталған ақпараттар бойынша сұрақтар қойылып, тұщымды жауап алынды.
📔Шара соңында жазушының өмірі мен шығармашылығынан «Халық жүрегіндегі қаламгер» атты кітап көрмесіне оқушыларға библиографиялық шолу жасалды. @aqtobe.madeniet @71_mektep
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.