📚 Биыл облыстық “Оқитын өлке- 2025” акциясы аясында жергілікті ақын, журналист, сатирик Үмбетбай Уайдиннің шы...
Не удалось открыть видео. Попробуйте позже.
📚Үмбетбай Уайдин 1935 жылы 10 қарашада Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына қарасты Темірастау ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген.
Қазақ радиосы, «Ара-Шмель» журналы, Қазақфильм киностудиясы, «Өнер» баспасы, Қазақстан кітапқұмарлар қоғамы мен Жазушылар одағында әр түрлі қызметтер атқарған. Көп жылдан бері Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде және Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын дарынды балалар мектеп-интернатында ұстаздық еткен.
📚8 қаңтар күні Арнаулы кітапханада журналист, сатирик Үмбетбай Уайдиннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында “Қазақ сатирасының саңлағы” атты кітап көрмесі жасақталды.
Кітап көрмесіне Үмбетбай Уайдиннің өмірі мен қызметі жайлы материалдар қойылып, кітапхана оқырмандарына насихатталды. @aqtobe.madeniet #оқитынөлке2025

