Каталог
Новости библиотеки

📚9 желтоқсан күні №71 Ә.Марғұлан атыңдағы орта мектептің оқушыларымен «25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында»...

📚9 желтоқсан күні №71 Ә.Марғұлан атыңдағы орта мектептің оқушыларымен «25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында» «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында «Атадан ұлағат, анадат ғибрат» атты ойталқыда жазушы Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» естелік –эссесі талқыланды.
📚Қоғам қайраткері, жазушы Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» шығармасы- ата мен келіннің, әке мен баланың, ұлт пен ұрпақ арасындағы берік арақатынасты көрсете білген тамаша туынды. Тәлім-тәрбие мен үлгі-өнегеге толы бұл кітапта аты аңызға айналған қазақтың қайсар да батыр ұлы гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының соғыстан кейінгі жылдарындағы өміріне арналған. Оның қайталанбас кісілік қасиеттері мен бекзат болмысы өзге қырынан танылып, ұрпақтар сабақтастығы мен тәрбие тұнығы бір арнаға тоғысқан отбасының игі дәстүрлері, тағы да сол сияқты жөн-жоралғыларды баяндалады.
Кеш барысында кітапханашы Ш.Тагыбердина кітаптың жазылу тарихымен, шығарманың
бас кейіпкері - дана да дара Бауыржан Момышұлының іс-әрекеті, отбасындағы, өскен ортасына деген қарым-қатынасы туралы айтып, оқушылар ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлының парасатты пайымы мен тұшымды ойлары, өнегелі сөздері туралы өз пікірлерімен бөлісті. @aqtobe.madeniet @71_mektep
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.