Каталог
Новости библиотеки

📗3 желтоқсан күні арнаулы кітапханада Халықаралық мүгедектер күніне орай «Жетістікке жету өз қолыңда» жобасы...

📗3 желтоқсан күні арнаулы кітапханада  Халықаралық мүгедектер күніне орай «Жетістікке жету өз қолыңда» жобасы...
📗3 желтоқсан күні арнаулы кітапханада Халықаралық мүгедектер күніне орай «Жетістікке жету өз қолыңда» жобасы аясында кітапхана оқырманы, пара пауэрлифтингтен халықаралық спорт шебері, Азия пара ойындарының жеңімпазы, рекордсмен, қоғам белсендісі Гүлім Құрманбаеваға арналған «Ел үмітін еңсерген қыз» атты бенефис – шоу болып өтті. Мақсаты: кітапхананың жас оқырмандарын отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу, ел мақтанышының ерлігін ұлықтау,жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Шараға кітапхана оқырмандарымен қалалық №5 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары ұстазымен қатысты. Шара барысында кейіпкер туралы бейнероликтер көрсетіліп, ашық сұхбат жүрді.
📗Гүлім адам мүмкіндігінің шексіз екенін дәлелдеген жан ретінде сынаққа сынбай, қиындыққа мойымай, өзіне де, өзгеге де рухының мықтылығын көрсете білген жан. Ол дүбірлі додаларда жүлделі орын алып жүрген белгілі қазақстандық паралимпиадалық спортшы. 2023 жылы Қытайда өткен Азия Пара ойындарында қола жүлде иеленген. Гүлім бұл жетістігі арқылы Қазақстанның атын әлемдік аренада тағы бір мәрте танытты.Оқушылар спортшыға түрлі сұрақтар қойып, спорт саласындағы қиын да, қызық сәттерімен бөлісті. Кездесу әсем әуенмен өз жалғасын тапты. Спортшы алдағы жоспарларымен бөлісті.
📗Шара соңында Гүлім Құрманбаеваға кітапхана ұжымы алғыс хатпен естелік сыйлық табыс етті. Мотивацияға толы кеште кітапхана оқырмандары мейманға алдағы жоспарына сәттіліктер тіледі. @aqtobe.madeniet @gulim_kurmanbaeva
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.