Каталог
Новости библиотеки

🔷29 қараша күні арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасынд...

🔷29 қараша күні арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасынд...
🔷29 қараша күні арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында “Жетістікке жету - өз қолыңда” жобасы аясында “Өмірге құштар қайсар жан” атты мотивациялық подкаст өтті.
Подкаст кейіпкері ретінде кітапхананың тұрақты зағип оқырманы, әуесқой ақын Жанасилов Әлібек шақырылды. Сұхбат барысында кейіпкер өскен ортасы, ата- анасы, бауырлары, жастық шағы, студенттік кезеңі туралы баяндады. Сонымен қатар, өз тағдырында кездескен қиындықтарымен бөлісіп, жастарды білімді, ізденімпаз болуға шақырды. Кітапханада оқыған шығармаларына тоқталып, өз шығармашылығынан мотивацияға толы өлеңдерін оқып берді.
🔷Мазмұнды сұхбат соңында кейіпкерге кітапхана директорының атынан естелік сыйлық табыс етілді. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.