Каталог
Новости библиотеки

🔷28 қараша күні арнаулы кітапханада «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясынд...

🔷28 қараша күні арнаулы кітапханада «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясында
Ақтөбе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына арналған дағдарыс орталығының тәрбиешісі А. Е. Тажибаеваның қатысуымен
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» атты дөңгелек үстел өтті.
🔷Шараның мақсаты: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Шара барысында зорлық-зомбылықтың түрлері, оның себептері,алдын алудың негізгі шараларын және олардың қауіпсіз қоғам құрудағы маңыздылығы қарастырылды. Оқырмандар отбасыңдағы қарым-қатынас, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі төңірегінде өз ойларымен бөлісті.
🔷Дағдарыс орталығының қызметкері Айжамал Ералиевна қиын жағдайға тап болған әйелдерге қолдау көрсете алатын әлеуметтік ұйым бар екенін, ол жерде психологиялық, құқықтық және басқада көмектер көрсетілетіні туралы баяндады. Шара соңында оқырмандарға отбасында кикілжің болған уақытта адам өзін- өзі қалай ұстау керек, көмек сұрау, сенім телефондары көрсетілген жадынамаларын таратты. @aqtobe.madeniet @crisis_center_for_women
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.