✨27 қараша күні арнаулы кітапхана қызметкерлері Қобда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде “Ере...
Не удалось открыть видео. Попробуйте позже.
✨Шеберлік сағат мақсаты: зағип және көзі нашар көретін оқырмандармен жұмыс барысында кітапхана мамандарының кәсіби деңгейін арттыру, инклюзивті кітапханалық қызмет көрсету саласында тәжірибе алмасу, жобаларды талқылау, кітапханалар, білім және мәдениет мекемелері, қоғамдық ұйымдар арасында кәсіби байланыс орнату.
✨Шара барысында Г. Тетегулова “Арнаулы кітапхана өркениет ордасы” атты баяндама оқып, бейнеролик көрсетті. Сондай- ақ, М. Тулегенов “Осебенности специальной литературы и тифлотехнических средств” тақырыбында зағип жандарға арналған “AV3715”, “Lazarillo”, “Be My Eyes”, “VoiceOver” мобильді қосымшаларымен таныстырып, француз тифлопедагогы Валентин Гаюи және Луи Брайль туралы ақпарат берді.
✨Сонымен қатар, Браиль жүйесімен жазылған, аудио, тактильді кітаптарға библиографиялық шолу жасап, “Сізбен қатар және сізбен бірге” жадынамасы табыс етілді.
Кітапхана ұжымына Г. Тетегулова “ Көңіл -күйдің, сан қырлары мен сырлары” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Шара қорытындысы кітапхана қызметкерлеріне арналған “Кітапханалық қарым -қатынас” сауалнамасымен аяқталды. @aqtobe.madeniet @qobda.kitaphana

