Каталог
Новости библиотеки

✨21 қараша күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар арнаулы кітапханасы Ойыл аудандық орталықтандырылған кіта...

✨21 қараша күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар арнаулы кітапханасы Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде “Заманауи кітапхана:даму тенденциялары, инновация, серіктестік диалог кеңістігі” тақырыбында семинар- тренингін өткізді.
✨Семинар- тренинг мақсаты: зағип және көзі нашар көретін оқырмандармен жұмыс барысында кітапхана мамандарының кәсіби деңгейін арттыру, инклюзивті кітапханалық қызмет көрсету саласында тәжірибе алмасу, жобаларды талқылау, кітапханалар, білім және мәдениет мекемелері, қоғамдық ұйымдар арасында кәсіби байланыс орнату.
✨Шара барысында “Арнаулы кітапхананың инновациялық даму бағыттары” тақырыбында кітапхана қызметкері Қ. Қонысбай баяндама оқып, бейнеролик көрсетті. Сондай ақ, “Тифло-техникалық құралдармен таныстыру” тақырыбында зағип жандарға арналған тифлоқұрылғыларды таныстырып, француз тифлопедагогы Луи Брайль туралы ақпарат берілді.
✨Сонымен қатар, кітапхана қорына әдістемелік құралдар таныстырылып “ Сізбен қатар және сізбен бірге” жадынамасы табыс етілді. “Ерекше кітаптар әлемі “ жобасы аясында түскен тактильді кітаптардан көрме жасақталып, библиографиялық шолу жасалып, зағип жандарға арналған спорт түрлері насихатталды.
Сондай-ақ, кітапхана ұжымына Ш. Тагыбердина “Мейірімді болса жүрек, орындалады тілек” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Шара қорытындысы кітапхана қызметкерлеріне арналған сауалнамамен аяқталды. @aqtobe.madeniet @oiyl_kitapkhana
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.