Каталог
Новости библиотеки

«KitapTime – 2026» V жалпы республикалық кітап фестивалі аясында сіздердің назарларыңызға 2026 жылы мерейтойла...

«KitapTime – 2026» V жалпы республикалық кітап фестивалі аясында сіздердің назарларыңызға 2026 жылы мерейтойлары аталып өтетін көркем шығармалар мен қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің туындыларынан құралған ««Қазақ әдебиетінің жауһарлары» бейнешолуын ұсынамыз.
Бұл бейнешолуда ұсынылған әр кітап – оқырманды өткенді тануға, бүгінді бағалауға, болашақты ойлауға жетелейтін рухани қазына.
Қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларының бірі- Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романының орыс тілінде жарық көргеніне 80 жыл.
Романда ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының өмірі, ел басынан өткен күрделі тарихи кезеңдер, әлеуметтік теңсіздік, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, революциялық өзгерістер мен жаңа қоғамның қалыптасуы кеңінен суреттеледі. Шығарманың негізгі өзегінде – қазақ халқының тарихи тағдыры мен қоғамдағы үлкен өзгерістер жатыр.
Романның басты кейіпкері Ботагөз – қайсарлық пен батылдықтың, адалдық пен рухани беріктіктің бейнесі. Оның тағдыры арқылы қазақ әйелінің қоғамдағы орны, азаттыққа ұмтылысы мен күрескерлік болмысы нанымды бейнеленеді.
«Ботагөз» – тарихи шындық пен көркемдік шеберлікті ұштастырған, қазақ халқының бір дәуірдегі тыныс-тіршілігін кең қамтыған құнды роман. Шығарма бүгінгі оқырман үшін де өз маңызын жоғалтпаған қазақ әдебиетінің жауһарларының бірі.@aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.