Каталог
Новости библиотеки

📙17 қазан күні арнаулы кітапхана қызметкерлері Әйтеке би аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «...

📙17 қазан күні арнаулы кітапхана қызметкерлері Әйтеке би аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Кітапхана қызметіндегі инклюзивті өзара әрекеттесудің өзекті нысандары» атты әдістемелік семинарын өткізді. Әдістемелік семинар мақсаты: зағип және нашар көретін оқырмандармен жұмыс барысында кітапхана мамандарының кәсіби деңгейін арттыру, инклюзивті кітапханалық қызмет көрсету саласындағы үздік тәжірибелер мен жобаларды талқылау, кітапханалармен қатар білім және мәдениет мекемелері, қоғамдық ұйымдар арасында кәсіби байланысты, әріптестікті нығайтып тәжірибе алмасу.
Шара барысында Дәметкен Абдуалиқызы арнаулы кітапханасының даму тарихы және жетістіктері туралы баяндама оқып, бейнеролик көрсетті. Тифлотехникалық құралдармен таныстырып, Брайль жүйесі бойынша оқу және жазу туралы түсінік берді. Сонымен қатар, бедерлі нүктелі қаріппен жазылған әдістемелік құралдардан көрме жасақталып библиофреш өткізілді. Кітапханаға сыйға “Сізбен қатар және сізбен бірге” атты жадынама табыс етілді. 📘Сондай-ақ, Гульбану Берікқызы кітапхана ұжымына “Жақсы көңіл -күй жанға қуат” тақырыбында психологиялық тренинг өткізіп, ұжымға тамаша көңіл күй сыйлады. Шара әдістемелік тренинг мазмұнына сәйкес, кітапхана қызметкерлеріне арналған “Кітапханалық қарым-қатынас” сауалнамасымен қорытындыланды. @aqtobe.madeniet @aitekebi_kitaphana_
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.