Каталог
Новости библиотеки

📕11 қазан қалалық №5 мектептің мәжіліс залында биыл «Оқитын өлке» акциясы аясында таңдалған қазақ қыздарының...

📕11 қазан қалалық №5 мектептің мәжіліс залында биыл «Оқитын өлке» акциясы аясында таңдалған қазақ қыздарының арасында тұңғыш роман жазған Сара Мыңжасарованың 100 жылдығына арналған
«Қазақтан шыққан тұңғыш романист қыз» тақырыбында танымдық сағат өтті. 📙Аталмыш шараға мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Сара Мыңжасарова тілші, аудармашы, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қара Шоқат деген жерде туған. Ақтөбедегі мұғалімдер институтында оқыған. Алғашқы еңбек жолын Шалқар аудандық комсомол комитетінің мектеп жұмысы жөніндегі хатшысы болып бастайды. Қоғамда нәзік жандылардың құқығы, теңдігі турасында жазылған «Әйел бақыты», «Өмір көріністері», «Төзім шеңбері» шығармаларының авторы. 📗Танымдық сағат барысында тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды. Оқушылар жазушы өмірбаяны мен өскен ортасы, шығармашылығы туралы қызықты деректерді мысалға келтірді. 📘Сондай-ақ бейнероликтер көрсетіліп ұрпақтары туралы толық ақпарат берілді. @aqtobe.madeniet @5_orta_mektep #оқитынөлке2024
Суретті қарау
100%

Суретті + және − батырмаларымен үлкейтіңіз. Оны тінтуірмен немесе саусақпен жылжытыңыз; телефонда екі саусақпен масштабын өзгертуге болады.