Каталог
Новости библиотеки

✨” Сөз сыры” жобасы аясында “ Ұстазым менің, ұстазым” сұхбаты.

✨” Сөз сыры” жобасы аясында “ Ұстазым менің, ұстазым” сұхбаты.
5 қазан “Ұстаздар күні”мерекесі қарсаңында №31 қазақ орта мектебінде тіл маманы, ұлттық құндылықтарды насихаттаушы, қолөнер шебері, “Шолпы” клубының жетекшісі, оқу - ағарту саласында ұзақ жылдар көлемінде қызмет атқарып келе жатқан аяулы ұстаз Орынгүл Бижанқызымен сұхбат өтті.
✨Сұхбатқа мектеп мұғалімдері мен түлектері қатысты.
✨Сұхбат барысында Орынгүл Бижанқызының өмір жолы, өскен ортасы, ата - анасы туралы сөз қозғалды. Еңбек жолындағы алғашқы жылдар мен ұлы мамандықтың қиын да қызық тұстары баяндалды.
✨Ұстаз қазіргі қоғамда жастарға көп кітап оқу керектігін атап өтіп, оқытудың әдіс-тәсілімен бөлісті. Оқыған кітаптарынан кітап көрмесі жасақталып, салт- дәстүрді ұлықтауға арналған “ Шолпы” клубы туралы толық мәлімет беріліп, қолынан шыққан қолөнер бұйымдары таныстырылды.
✨Сонымен қатар, мектеп түлектері мен әріптестері ақ тілектерін арнады. Сұхбат соңында Орынай Бижанқызына кітапхана директоры Құралай Серікқызының атынан алғыс хатпен естелік сыйлық табыс етілді. @31_mektep
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.