📚18 қыркүйек күні арнаулы кітапхана қызметкерлері Мәртөк аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде “...
Не удалось открыть видео. Попробуйте позже.
📚Шара барысында “Арнаулы кітапхана тарихы және қазіргі кезең” тақырыбында баяндама оқылып бейнеролик көрсетілді. “Актуальные формы библиотечной деятельности в работе с незрячими”тақырыбында тифлоқұралдар таныстырылып, қазақ тілінде Брайльша әріп жазудың авторы, алғашқы қазақ тифлопедагогы, Ақан Қасымовтың өмірбаяны оқылды. Брайль жүйесі бойынша оқу және жазу шеберлік сағатын өткізді. 📚Сонымен қатар, Брайль жүйесі бойынша жазылған әдістемелік құралдар, “Ерекше кітаптар әлемі “ жобасы аясында түскен тактильді кітаптардан көрме жасақталып, библиофреш көрсетілді. Кітапханаға сыйға “Сізбен қатар және сізбен бірге” атты жадынама табыс етілді. Сондай-ақ, кітапхана ұжымына “Жақсы көңіл -күй жанға қуат” тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Шара қорытындысы әдістемелік тренингтің мазмұнына сәйкес, кітапхана қызметкерлеріне арналған сауалнамамен аяқталды.
@aqtobe.madeniet

